Елімізде коронавируспен ауырған 25 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

06.11.2020 16:00

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 608 адам емделіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 6 қарашадағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 608 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 646 науқас жатыр. 2 962 адам амбулаторияда емделіп жүр. Жалпы науқастардың арасында 155 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 22 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Толық көрсету