Коронавирус бүйрек созылмалы аурулары бар адамдарда органның жұмысына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Энгельгардт атындағы Молекулярлық биология институтының жасуша пролиферациясы зертханасының меңгерушісі, вирусолог, профессор Петр Чумаков айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, бүйректің зақымдануы, әсіресе, созылмалы бүйрек ауруы бар адамдарға қауіпті.
"Бүйрек зақымдалуы мүмкін. Мысалы, тас, киста, поликистоз, сұйықтыққа толы әртүрлі киста болған кезде. Бүйректің кез келген қабынуы оған ауыр зиян. Тіпті жұмыс істемей қалу қаупі де бар. Ол кезде адамға диализ қажет болады. Бұл бүйрек созылмалы аурулары бар адамдарға өте маңызды. Ерекше сақ болуымыз керек, өйткені бұл аурудың салдары ауыр болуы мүмкін", - деді Петр Чумаков басылымға берген сұхбатында.
Иммунолог, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков коронавирус бүйрекке әсер ететінін растады.
"Олар тез істен шығады, себебі бұл тамыр жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты. Бұлшықеттердің қанмен қамтамасыз етілуіне қарағанда фильтрлеу және реабсорбция жүйесі оңай бұзылуы мүмкін", - деп түсіндірді сарапшы.