Бір тәулік ішінде елде 542 адам қайтыс болды
Үндістанда тәулігіне 38949 коронавирустық инфекция анықталды. Елдегі тіркелген COVID-19 пациенттерінің жалпы саны 31 миллионнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше бір тәулік ішінде елде коронавирустың салдарынан 542 адам қайтыс болды.
Жалпы елде COVID-19 расталған 412 мыңнан астам науқас қайтыс болды.