Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 67-ге жетті

24.03.2020 16:02

Алматыда тағы 1 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

liga.net

Алматы қаласында тағы бір адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Coronavirus2020.kzсайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сүйенсек, бүгін таңғы сағат 10:50-дегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 67-ге жетті. Оның ішінде, Нұр-Сұлтанда – 34, Алматыда – 29, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1 және Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.