Пневмониядан тағы 8 адам қайтыс болды

14.06.2021 16:02

2021 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 11 жағдайы және 8 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 24 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 56213, 959 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51687 жетті.