Пневмониядан тағы 1 адам көз жұмды

14.11.2020 16:03

69 адам емделіп шықты

poisknews.ru

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен 199 адам ауырып, 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап. 

Оған қоса 69 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 39923, 416 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29485 жетті.