Өткен тәулікте жеті адамнан коронавирус анықталды

19.05.2022 16:03

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 667 жетті

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 7 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 3,

Алматы қаласында - 3,

Қарағанды облысында - 1.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 667 жетті.