Қазақстандағы коронавирус: Алматы облысы «жасыл» аймаққа шықты

26.01.2021 16:05

Қазақстан «қызыл» аймақта

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 26 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

26 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы «қызыл» аймақта тұр. 

Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. 

Ал «сары» аймақта Қарағанды бар. Бүгінгі матрица Алматы облысының «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткенін көрсетіп тұр. 

Ал Қазақстан «қызыл» аймақта. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан.

Толық көрсету