COVID-19: 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

14.10.2020 16:06

Жалпы науқастардың арасында 79 адамның ахуалы нашар

Фото: ашық дереккөзден

Коронавируспен ауырған 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство 14 қазандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.

«Қазір коронавирус инфекциясынан 2 862 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 88 бала бар. Стационарларда 2 073 науқас жатыр. 789 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 79 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – делінген хабарламада.