Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 9319 адам емделіп жатыр
Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 9319 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, коронавирустан емделіп жатқандардың арасында 456 бала бар. Стационарларда 3 126 науқас жатыр. 6 193 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 220 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 21 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.