|
06.06.2020 | 12:52
3066

Алматы эпидемиологтары адам көп жиналатын жерлердің қауіпті екенін ескертеді

Бұқаралық шаралар адамдардың коронавирус жұқтыру қаупін күшейте түседі

Алматы эпидемиологтары адам көп жиналатын жерлердің қауіпті екенін ескертеді tengrinews.kz

Алматы эпидемиологтары COVID-19 таралу қаупіне байланысты адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес береді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері вирустың таралу қаупі сейілмегенін айтты.

Қала тұрғындары карантин режимін қатаң сақтағаны жөн.

Алматы қалалық бас санитарлық дәрігерінің 2 маусымдағы қаулысына сәйкес қалада бұқаралық шараларды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынған.

«Бұқаралық шаралар адамдардың коронавирус жұқтыру қаупін күшейте түседі. Бүгін дезинфекциялық шаралардың екінші кезеңі басталды. Өздеріңіздің денсаулықтарыңызға қауіп төндірмеңіздер»,- деп ескертті департаменттің баспасөз қызметі.

Карантин шараларын бұзу ҚР заңнамасы бойынша қудаланады. Полиция қауіпсіздік шараларын қадағалау мақсатында рейд жүргізеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир