"Сәби" қоры мен Kaspi.kz 100 000 тест сатып алуға 2 жүз миллион теңге бөлді

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Мұндай жағдайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Қазақстан тұрғындарының өмірі мен денсаулығы, ел болашағының алдындағы жауапкершілік
Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Сәби" қоры мен Kaspi.kz 100 000 тест сатып алуға 2 жүз миллион теңге бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сәби" қайырымдылық қорының Президенті және негізін салушы Әсел Тасмағамбетова мен қордың негізін салушы Кеңес Рақышев ҚР Дәрілік заттарды сараптау орталығына көмектесу мақсатымен 100 000 000 теңгеге коронавирусты анықтауға арналған 50 000 тест сатып алу арқылы көмек көрсетті. Сонымен қатар қор құны 10 000 000 теңгелік тыныс алуға арналған ИВЛ V8600 аппаратын да сатып алады.

Kaspi.kz Басқарма төрағасы Вячеслав Ким мен Kaspi.kz Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе де бұл мақсатқа 100 000 000 теңге бөлді.

Covid-19 коронавирусының таралуынан туындаған күрделенген жағдайға қарай елде жарияланған ТЖ және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында жарияланған карантинге байланысты қиын кезеңде "Сәби" қоры "Медициналық жобасының" аясында Қазақстан тұрғындарына көмектесу туралы шешім қабылдады. Kaspi.kz басшылары осы маңызды бастамаға қосылуды шешті.

Коронавирусты уақытында, алғашқы күндері анықтап, вирусқа қарсы ертерек ем алу өмірлік маңызы. Бұл инфекцияның таралу жылдамдығын азайтады.

Мұндай жағдайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Қазақстан тұрғындарының өмірі мен денсаулығы, ел болашағының алдындағы жауапкершілік.

Новости партнеров