Алматыда өткен тәулікте 328 адам коронавирус жұқтырған

pulse.mail.ru
pulse.mail.ru
Қалада 160 вакцинация пункті жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 5 қазанға арналған вакцинация және коронавирус инфекцияcының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 4 қазан бойынша коронавирус инфекциясын 328 адам жұқтырған (жергілікті), оның 309-ы симптомдық белгілері бар және 19-ы симптомсыз.

Барлық емделіп шыққандар – 339, келіп түскені – 118.

Инфекциялық стационарларда (3179 төсек-орын) жалпы саны 1 557 адам (оның ішінде 56 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 165 адам жатыр.

ӨЖЖ – 32, инвазивті емес ӨЖЖ – 82, High flow-да 45 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3653 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 3517, симптомсыз 136 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін  1969 адам, 2-компонетін 3244 адам алды.

Биылғы 1 ақпан 4 қазан аралығында қала бойынша 1-компонентін  958 894 адам, 2-компонентін 869 972 адам алды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 118 526 адам.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкер жұмылдырылды.

Новости партнеров