Жапониядағы Киото Өнер
университеті COVID-19-дан қорғайтын жаңа тұмша ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Егемен Қазақстан» басылымына сілтеме жасап.
Тұмшаның ерекшелігі, оны таққан адам ауру жұқтырамын деп қорықпастан тамағын да
іше береді. Дизайнерлердің тапқырлығы – тұмшаны желпуіш тәрізді жасауында.
Қатты қағаздан жасалған тұтқаға бекітілген, төрт бұрышты етіп керілген
қорғаныш қабаты бар тұмшамен ауыз бен мұрынды қалқалап, тамақ ішуге де, әңгімелесуге
де болады, бұл адамдардың қалыпты тірлікке көшуіне көмегін тигізеді, деп есептейді
оны ойлап табушылар.
Жоба авторы Масако Сасаки «Біз SARS-CoV-2 тудырған қолайсыздықты азайтып, жаңа базалық этикетті Киотодан бастап орнатқымыз келеді», деген ой айтты. Алайда бұл тұмша адамның қол қимылын шектеп, ыңғайсыздық тудырады деген пікірлер де бар көрінеді.