Көшелер мен тротуарлар, сауда нысандары, медициналық мекемелер мен қызмет көрсету нысандарына дезинфекция жүргізілді
22 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындарға дезинфекция жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кіреберістер мен аулалар бойынша:
21 мамырға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.
Дезинфекция жұмыстарына 449 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 73 490 литр дайын ерітінді қолданылған.
22 мамыр жоспар бойынша 3038 үйдің 8363 кіреберісі мен 1440 аула залалсыздандырылды.
Жұмысқа 450 адамы бар 64 бригада тартылды.
Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша:
21 мамыр күні 4 855 мың шаршы метр көше, оның ішінде 688 сауда нысандарының, 31 медициналық мекемелерінің, 2 қызмет көрсету нысандарының (Алатау ауданы– 65, Алмалы ауданы – 99, Әуезов ауданы – 32, Бостандық ауданы – 32, Жетісу ауданы – 100, Медеу ауданы – 75, Наурызбай ауданы – 66, Турксіб ауданы – 237) кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 833 мың шаршы метр тротуарлар және 1193 басқа да нысандар, 243 контейнерлік алаң мен 1188 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.
Көшелер мен тротуарлар, сауда нысандарының, медициналық мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін) жуу және дезинфекциялау үшін:
– 145 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 75 бірлік);
– 1188 жол жұмысшысы (оның ішінде 136 дезинфектор) тартылды.
550 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 20 164 мың литр ерітінді қолданылған).
Сонымен 689 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.
Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1250 тоннаны құрады.
22 мамыр күнгі жоспарлы жұмыстар:
– 149 бірлік арнайы техника (оның ішінде 73 бірлік дезинфекцияға);
– 1207 жол жұмысшысы (оның ішінде 136 дезинфектор) тартылды.
Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.