Коронавирустан емделіп жатқан 458 науқастың жағдайы ауыр

27.06.2021 17:08

68 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

inbusiness.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

27 маусымдағы деректерге сәйкес, қазір елімізде 23 552 адам коронавирус инфекциясынан (22 212 КВИ+ және 1 340 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 015 пациент стационарда, 16 537 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 458 адамның жағдайы ауыр,

- 107 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 68 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.