Науқастардың көптігіне байланысты жансақтау бөліміндегі орындардың 90 пайызы бос емес.
Малайзияда қатаң локдаун жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz-ге сілтеме жасап.
Малайзияда 1 маусымнан бастап кәсіпорындардың көбі жұмысын уақытша тоқтатады.
Өйткені 2 аптаға локдаун жарияланады. Алдағы жарты ай ішінде тек стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар ғана жұмыс істейді. Өйткені бұған дейін мұнда тәулігіне 3 мыңдай адам вирус жұқтырған болса, қазір 8 мыңнан асып кетті. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Науқастардың көптігіне байланысты жансақтау бөліміндегі орындардың 90 пайызы бос емес.