Норвегияның қоғам денсаулығын сақтау институты католиктердің пасха демалысынан кейін дені сау адамның COVID-19 індетін жұқтырған адамға екі метрден кем және 15 минуттан артық жақындағанын анықтайтын мобильді қосымшаны іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қосымшаны орнатып алған адам өзінің індет жұқтырғаны туралы хабарлама алса, осындай қосымшасы бар басқа адамдарға да бұл туралы хабарлама келеді. Сонымен бірге, құпиялылықты сақтау мақсатында коронавирус жұқтырған адаммен қашан, қайда және қанша уақыт араласқаныңыз туралы мәлімет берілмейді.
«Біз бұл жұмысты аяқтау үшін бар күшімізді салып жатырмыз», - деп атап өтті FHI өңірлік директоры Ган Пегги Кнудсен.
Ол қосымшаның GPS пен Bluetooth белгілері дертке шалдыққан адамды анықтау үшін қолданылатынын түсіндіріп, оны көптеген адам жүктеп алатынына үміт білдірген.