Ғалымдар: COVID-19 жануарлар арасында тарайды

29.03.2021 16:14

Браун елдегі коронавирустың қазіргі жағдайын «пандемияның ең өткір кезеңі» деп сипаттады

primorye24.ru

Ресей ғалымдары COVID-19 енді жануарлар арасында тарайды деп отыр. Ресейдің Ғылым Академиясының академигі Александр Гинцбургтың айтуынша вакцина арқылы адам баласы күресіп жатқанда, вирус төрт түлік пен үй жануарларының арасында дами бермек. 

Ал, неміс ғалымдары коронавирустық инфекцияның келесі жаңа мутациясына қолданыстағы вакциналар қарсы тұра алмауы мүмкін деп болжайды. Германияның арнайы тапсырмалар министрі Хелге Браунның пайымынша мұндай нәтиже аурудың жаңа жағдайларының саны тез өссе болуы ықтимал деп санайды. Сонда жаңа вакциналар қажет болады, ал әлемде екпе науқанын қайта бастау керек. Браун елдегі коронавирустың қазіргі жағдайын «пандемияның ең өткір кезеңі» деп сипаттады, деп хабарлайды Almaty.tv.