31 жастағы спортшы мессенджердің бірінде Ирландияның қаржы министрі Паскаль Донохьюмен хат алмасқан сәтінің скриншоттарын желідегі парақшасында жариялаған
Екі салмақ дәрежесінде UFC-нің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор коронавирус пандемиясымен күресу үшін отаны Ирландияға 1 миллион еуро бөлді. Бұл туралы спортшы өзінің Twitter әлеуметтік желісінде жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы sportrbc.ru сайтына сілтеме жасап.
31 жастағы спортшы мессенджердің бірінде Ирландияның қаржы министрі Паскаль Донохьюмен хат алмасқан сәтінің скриншоттарын желідегі парақшасында жариялаған.
"Мен барлық ауруханаларға орналастыру үшін 1 миллион еуро тұратын жеке қорғаныс құралдарына қаржы бөлемін", - деп жазды МакГрегор.
Өткен аптада спортшының жанұясында қайғылы жағдай орын алған. Макгрегордың әпкесі Энн Мур коронавирустан қайтыс болды. Аралас жекпе жек шебері жақынының қазасы туралы кезекті түсірілімі кезінде естіген.