Мәскеуде коронавирустан бір тәулікте 68 адам көз жұмды

Фото: Reuters
Фото: Reuters
Ресейде COVID-2019 вирусын жұқтырған 252 245 жағдай тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәскеуде коронавирус пен қосымша аурулары бар 68 науқас қайтыс болды, деп хабарлады жұма күні коронавирус инфекциясын бақылау және мониторинг жөніндегі жедел штабта.

Ресей астанасында жаңа коронавирус инфекциясы расталған 1 358 адам көз жұмған, де хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Мәскеуде пневмония диагнозы расталған және коронавирус инфекциясына тесті оң нәтиже көрсеткен 68 пациент қайтыс болды», - делінген coronavirus2020.kz сайтындағы хабарламада.

Штаб ЖРВИ-дың кез-келген белгілері байқалған жағдайда үйде болу керектігін, өздігінен емделмей дәрігерді шақыру қажет екенін айтты.

14 мамырда Мәскеуде коронавирус жұқтырғандардың саны 130 716 адамға жетті.

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері әлемде 4,3 млн адам ауру жұқтырған, 290 мыңнан астамы көз жұмған. Ресейде коронавируспен күрес жөніндегі федералды жедел штабтың мәліметінше, COVID-2019 вирусын жұқтырған 252 245 жағдай тіркелген, 2305 адам қайтыс болған.

Новости партнеров