Пневмониядан тағы 2 науқас қайтыс болды

07.06.2021 18:12

2021 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 21 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 17 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 55804, 933 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51518 жетті.