Қалада 160 вакцинация пункті жұмыс істейді
2021 жылғы 8 қазанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 7 қазан бойынша коронавирус инфекциясын 423 адам жұқтырды (жергілікті), оның 400-і симптомдық белгілері бар және 12-сі симптомсыз.
Барлық емделіп шыққандар – 138, келіп түскені – 139.
Инфекциялық стационарларда (3 179 төсек-орын) жалпы саны 1 466 адам (оның ішінде 56 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 162 адам жатыр.
ӨЖЖ – 39, инвазивті емес ӨЖЖ – 73, High flow-да 36 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 461 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 3 325, симптомсыз 136 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін – 1 736 адам, 2-компонетін 3 352 адам алды.
Биылғы 1 ақпан мен 7 қазан аралығында қала бойынша 1-компоненттін – 964 352 адам, 2-компонентты 879 837 адам алды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 118 993 адам.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.