Франция президенті коронавирус жұқтырып алды

18.12.2020 16:18

Қолданыстағы санитариялық қаулыға сәйкес, Президент 7 күнге оқшауланады

politico.com

Франция Президенті Эмманюэль Макрон коронавирус жұқтырып алды.Бұл туралы Елисей сарайының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Француз басшысы вирус жұқтырудың белгілері сезіле бастаған соң, тест тапсырған.

Қазір Макрон қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіп, өз-өзін оқшаулаған. Қолданыстағы санитариялық қаулыға сәйкес, Президент 7 күнге оқшауланады.

BFMTV телеарнасының ақпаратына сүйенсек, мемлекет басшысымен қоса оның жұбайы Брижит, елдің премьер-министрі Жан Кастекс пен Ұлттық кеңес басшысы Ришар Феран да өз-өзін оқшаулайды.

Бұған дейін бірқатар Франция Үкіметі мүшелері де КВИ-ге шалдыққан еді. Оның қатарында Брюно Ле Мэр де бар.