7 адамның жағдайы ауыр
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оған сенсек, қазір 133 адам коронавирус инфекциясынан (–82+ және 51 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 49 пациент стационарда, 84 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында 7 адамның жағдайы ауыр және бір науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.