ДДСҰ: 170 елде коронавирустың «дельта» штаммы тіркелді

02.09.2021 16:20

Өткен аптада қауіпті вирусқа шалдығу жаңа оқиғаларының ең көп саны АҚШ-та тіркелген

24.kz

Коронавирустың «дельта» штаммы әлемнің кем дегенде 170 елі мен аумағында тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сайтына жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны - 216 миллионға жуық. Ал, қайтыс болғандар саны – 4, 5 миллион. Өткен аптада қауіпті вирусқа шалдығу жаңа оқиғаларының ең көп саны АҚШ-та тіркелген (900 мыңнан астам), бұл елде ауруға шалдығу көрсеткішінің өткен аптамен салыстырғанда 8 пайызға өскенін көрсетіп отыр. Үндістанда вирус жұқтыру санының өсімі – 17 пайыз.

Ұлыбританияда вирусқа шалдыққандар саны 8 пайызға көтерілген. Апта ішінде бүкіл әлем бойынша коронавирустан тіркелген өлім жағдайларының саны өткен аптадағыдай 67 мыңнан асып отыр.