“Азиялықтардан қорқады”: қырғызстандық Айчурок коронавирус өршіген Италиядағы өмірі жайлы айтты

26.02.2020 16:21

Бүгінде Италияда коронавирустан 7 адам қайтыс болды

kaz.nur.kz

Қырғызстандық Айчурок Сейитбекова бүгінде Италияда магистратура бойынша  білім алады. Бойжеткеннің сөзінше, елде коронавирус тарағаннан кейін италиялықтар өзінен теріс айнала бастаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ «Настоящее время» басылымына сілтеме жасап.

«Білесіздер ме, бұл күлкілі емес. Қалжыңға мүлде ұқсамайды. Адамдар сені көргенде бірден беттерін тұмшалайды. Сені сыртыңнан айналып өткені қатты құлазытады. Сені байқай сала, бетін жабады, ал сен ештеңе істей алмайсың», – деп бастады Айчурок.

Айчурок жақында ғана бірнеше сағатын ауруханада өткізген. Бойжеткен метрода тек қысымым көтерілгендіктен, мені эвакуациялады деп күйінеді.

"Мен оларға қысымым көтерілді деп түсіндіргім келді. Бірақ барлығын ауыр қабылдады. Мені оқшаулап, медициналық арбаға салып, қоршап, ауруханаға апарды және қызыл-сары код берді. Рим ауруханаларында кодтың төрт түрі: жасыл, сары, қызыл-сары және қызылы бар", – деді қырғызстандық ару.

Бүгінде Италияда коронавирустан 7 адам қайтыс болды. Билік төтенше шаралар енгізілгенін хабарлады. "Ла Скала" театры уақытша жабылса, сәнгер Джорджо Армани жаңа коллекциясының таныстырылымын  бос залда өткізді.

«Еуроодақ Италия билігі мен олардың қабылдаған шешіміне толығымен сенеді. Біз де коронавирустың таралу ықтималдылығына уайымдап отырмыз, бірақ байбалам салудың қажеті жоқ», –  деді ЕО экономика және қаржы жөніндегі комиссары Паоло Джентилони.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қытайдың Ухань қаласында 195 тұрғын COVID-19 коронавирусын қайта жұқтырған.  Аурудан айыққан азаматтарда қатерлі пневмонияның неге қайта пайда болғаны белгісіз.