Атырау облысы «қызыл» аймақтар тізімінен әлі шықпады

30.12.2020 16:21

Алайда бүгінгі матрица Қостанай облысының «сары» аймаққа өткенін көрсетті

Фото: ашық дереккөзден алынды

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда бір облыс қана «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпартқа сілтеме жасап. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 29 желтоқсандағы жағдай бойынша «қызыл» аймақтан әлі де Атырау облысы мен Қостанай облысы шықпай тұрған. Алайда бүгінгі матрица Қостанай облысының «сары» аймаққа өткенін көрсетті. Сонымен қатар «сары» аймақта Қостанаймен бірге Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы бар.

 Қалған облыстардың бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.