Елордада коронавируспен ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 2 есе азайған

21.07.2020 16:21

Шақыру саны тәулігіне 3 мыңнан 1400-ге азайды

rg.ru

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавируспен ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 2 есе азайғаны байқалатынын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 2 есе азайғаны байқалады. Бұрын күніне 500-ге тарта адам ауруханаға жатқызылатын болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 200-250 адамға дейін азайды. Ал сауығып шығатындардың саны 2 есе артты. Қазіргі уақытта күніне 400-ге тарта адам емделіп шығуда», – деді Алтай Көлгінов Үкімет отырысында.

Еске сала кетсек, Үкімет отырысында елорда әкімі Алтай Көлгінов астанада карантин режимі енгізілгеннен бері КВИ бойынша жағдайдың тұрақталғанын мәлім еткен болатын. Жедел жәрдемге жүгіну саны тәулігіне 4300-ден 2 мыңға дейін төмендеді. Шақыру саны тәулігіне 3 мыңнан 1400-ге азайды.