Стресс COVID-19 ауыр ағысының қауіпті факторы болып табылады – пульмонолог дәрігер

zen.yandex.ru
zen.yandex.ru
Профессор барлық әлеуметтік жүйелерде КВИ емдеуге қатысты «кеңестерге» мұқият қарауды ұсынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Стресс COVID-19 ауыр ағымының қауіпті факторы болып табылады. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, м.ғ.д., профессор, пульмонолог дәрігер Сауле Қасенова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, әлсіреген иммундық жүйенің көрінісінде вирусемияның жылдам ағымы, жіті тыныс алу жетіспеушілігі, респираторлық дисстресс синдромының жылдам дамуы байқалады, олар тек стационарда ғана емдеуді немесе реанимациялық көмекті өзгертуді талап етеді.

«Тәуекел тобына жататын адамдарға көңіл аударғым келеді. Бұлар темекі шегетін, жасы 65-тен асқан егде адамдар, артериялық гипертония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, артық салмағы бар қант диабетімен ауыратындар. Оларда сырқаттың ағымы аса ауыр түрде болуы мүмкін», – деді Сауле Қасенова.

Сонымен қатар, Сауле Лайыққызы шамадан тыс жұмыс істеуге, нормаланбаған жұмыс уақытына көңіл аударуды сұрайды.

Профессор барлық әлеуметтік жүйелерде КВИ емдеуге қатысты  «кеңестерге» мұқият қарауды ұсынады. 

«Дексаметазон, клексан және басқа дәрілік заттарды тек қана дәрігер тағайындайды. Мысалы, бір пациент КВИ профилактикасы үшін метрогил, цефтриаксон және оған ұқсас веракол, ципрофлоксацинді бірден қабылдаған. Басқасы -  ацетилсалицил қышқылының 5 реттік дозасын пайдаланған, бұл ретте асқазан-ішек жолдарының қан кетуінің дамитындығын ескермеген», – деді ол.

- Дексаметазон немесе клександы негізсіз тағайындау аса қаупті асқынуларды тудыруы мүмкін.

- Бұл жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркендіретін сода немесе басқа ыстық ингаляцияларға да қатысты.

- Қоршаған ортаға вирустардың таралу қаупінің болуы себебінен небулайзерлік терапия ұсынылмайды! Қажет болса дозаланған ингаляциялық қондырғы пайдаланылады.

- Пульмонологтар шар үруге қарсы (альвеолдар, баротравмаға ауырлық келеді – ентігу, қақырықта қанның болуына әкеледі).

- КВИ емдеуді асқындыратын кез келген биологиялық белсенді заттарды қабылдауға тыйым салынады.

- Вирустық аурулар кезінде антибиотиктер көрсетілмеген.

-  Ингавирин, осельтамивир, арбидол және тағы басқа иммуномодуляторлар және вирусқа қарсы заттар деп аталатындар COVID-19 кезінде не профилактикалық, не емдік әсер етпейді.

Сондай-ақ, өкпе реабилитациясы КВИ кезінде толықтай емделіп шығудың маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан аурудың ең басында пульмонологтар ауырғандарға өкпенің аэрациясының көп болуы үшін ішімен жатуды ұсынады. Бірнеше уақыт бойы тыныс алу гимнастикасының қарапайым түрлерін жасауға кеңес береді.

СОVID-19 ауырғандар 6 ай ішінде терапевт, пульмонолог және реабилитолог дәрігерлерде бақылауда болады. Теңіз суына түсу, саябақ, қарағай орманында, тауда (Медеуде, Боровойда) демалу, санаторлық-курорттық емделу толық жазылып кетуге септігін тигізеді. Ал болашаққа үмітпен қарау және жақсы көңіл-күйдің болуы ағзаның ең басты емдеу механизмі.

Новости партнеров