Коронавирустан емделіп жатқан азаматтардың арасында 38 сәби бар
Қазақстанда 8592 адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, коронавирустан емделіп жатқан азаматтардың арасында 38 сәби бар. Стационарларда 4 320 науқас жатыр. 4 272 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 255 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 44 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 46 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,– делінген хабарламада.