Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуді бастады

14.04.2020 16:24

Бұл - клиникалық сынақтардан өтіп жатқан елдегі екінші және әлемдегі үшінші вакцина болмақ

express-k.kz

Қытай билігі COVID-19 індетіне қарсы активтелген вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Вакцинаны тиісті сынақтардан өткізуге лицензияны Ухань биологиялық препараттарды зерттеу институты мен Бейжіңдегі Sinovac R&D ғылыми-зерттеу компаниясы берді.  Бұл - клиникалық сынақтардан өтіп жатқан елдегі екінші және әлемдегі үшінші вакцина болмақ.

Бұған дейін жаңа типтегі коронавирусқа қарсы рекомбинатты аденовирустық вектор негізіндегі вакцинаны клиникалық зерттеу үшін тиісті рұқсатты ҚХР әскери-медициналық академиясы алған.

Айта кетейік, құрлықтық Қытайда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңадан 89 жағдайы анықталды, өлім саны тіркелмеген.