Бүгін QazCovidIn вакцинасын екінші рет салдырамын – Ерлан Қарин

16.01.2021 16:25

Өткен жылдың 25 желтоқсанында ҚР Президентінің көмекшісі Е.Қарин клиникалық зерттеуден тыс өз келісімімен QazCovid-in вакцинасын салдырған еді

Фото: inform.kz

ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин қазақстандық ғалымдар әзірлеген вакцинаның екінші дозасын салдырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін QazCovidIn вакцинасын екінші рет салдырамын. 21-22 күннен кейін екінші рет егілу қажет»,– деп жазды Ерлан Қарин Facebook-парақшасында. 

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 25 желтоқсанында ҚР Президентінің көмекшісі Е.Қарин клиникалық зерттеуден тыс өз келісімімен QazCovid-in вакцинасын салдырған еді. 2020 жылдың 19 желтоқсанда ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вацинасына клиникалық сынақтың ІІІ фазасы басталды. Жалпы клиникалық сынақтың I және II фазасына 244 қазақстандық қатысты. Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және тиімділігін көрсетті. ІІІ фазаға 3 мың ерікті қатысуда. Зерттеудің барлық қатысушыларына бірреттік сыйақы мен медициналық сақтандыру төленеді.