Қытайда 8 айда бірінші рет коронавируспен ауырған адамның өлімі тіркелді

Фото ©️ Reuters
Фото ©️ Reuters
Жаңадан тіркелген 138 жағдайдың 14-і сырттан келгендерден, 124-і жергілікті тұрғындардан анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайда соңғы сегіз айда алғаш рет коронавирус жұқтырған адам өлімі тіркелді. Тәулігіне елде 138 жағдай тіркелді және 78 адамнан ауру белгілері байқалмаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сілтеме жасап.

Қытай эпидемиологиялық жағдайды өз бақылауына алған елдердің бірі. 2020 жылғы мамырдың ортасынан бері COVID-19 жұқтырып, ауырып қайтыс болған жағдай тіркелмеді. Алайда соңғы уақытта елдің бірқатар аймағында вирусты жұқтыру саны көбейді.

ҚХР денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің хабарламасына сәйкес, науқастың өлімі Хэбей провинциясында тіркелген. Бұл аймақта қаңтардың басында жаңа жағдайлардың саны күрт артқан еді. Қазір Шицзячжуан қаласында жағдай тым ауыр. Бұл өңір эпидемиологиялық қаупі жоғары аймақ деп жарияланды.

Жаңадан тіркелген 138 жағдайдың 14-і сырттан келгендерден, 124-і жергілікті тұрғындардан анықталған. 81-і Хэбэй провинциясында, 43 жағдай Хэйлунцзян провинциясында тіркелді.

Эпидемия басынан бері құрлықтық Қытайда 87 744 жағдай тіркелді. 82 324 адам емделіп шықты, 885 науқас ауруханаларда жатыр. Шетелден келген 4465 жағдай анықталып, оның 4181-і жазылды.

Новости партнеров