Солтүстік Қазақстан облысы «сары» аймақтан шықты

21.02.2021 16:25

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары тұр

tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрлігі 21 ақпандағы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдай матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта –  қалған облыстар.

Айта кетейік, 20 ақпандағы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша барлық өңір «қызыл» аймақтан шыққанын жазған болатынбыз.