Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан 5 адам қайтыс болды

20.09.2020 17:25

2020 жылғы 20 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 272 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 100 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31086, 343 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26669 жетті.