Атырауда коронавирус инфекциясымен 891 адам тіркелді
Атырау облысында үш жасар қыз коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, өткен тәулікте қауіпті індетке 12 адам шалдыққан. Оның ішінде 9 науқас –Теңіз кенішінің жұмысшылары.
«Тағы үш науқастың бірі –Исатай ауданында тұратын 3 жасар қыз. Сондай-ақ, Құлсары қаласының 53 жастағы және Атырау қаласының 24 жастағы тұрғындарынан коронавирус инфекциясы анықталды. Науқастардың бәрі алгоритмге сәйкес ем қабылдауда. Олармен байланыста болғандар мен індет ошағы анықталып жатыр», – деп хабарлады жедел штабтан.
Атырауда коронавирус инфекциясымен 891 адам тіркелді. Жазылып шыққандар 226 адамға жетті.