COVID-19: Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары» аймаққа өтті

24.05.2021 в 16:29

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстары

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстары.