Қаладағы сауда және қызмет көрсету нысандары, медицина мекемелері дезинфекциялнды
2020 жылдың 3 маусым күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындарға дезинфекция жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кіреберістер мен аулалар бойынша:
3 маусымға жоспарланған 8363 кіреберіс (3038 үйде) және 1440 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.
Дезинфекция жұмыстарына 444 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75,1 мың литр дайын ерітінді қолданылды.
3 маусымдағы заласыздардырудың үшінші күні жоспар бойынша 2703 үйдің 7442 кіреберісі мен 1348 аула залалсыздандырылды.
Жұмысқа 433 адамы бар 62 бригада тартылды.
Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша:
2 маусым күні 4 937 мың шаршы метр көше, оның ішінде 543 сауда нысандарының, 42 медицина мекемелерінің, 2 қызмет көрсету нысандарының (Алатау ауданы– 39, Алмалы ауданы – 86, Әуезов ауданы – 70, Бостандық ауданы – 29, Жетісу ауданы – 74, Медеу ауданы – 87, Наурызбай ауданы – 37, Турксіб ауданы - 165) кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 806 мың шаршы метр тротуарлар және 1149 басқа да нысандар, 201 контейнерлік алаң мен 987 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.
Көшелер мен тротуарлар, сауда нысандарының, медицина мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері) жуу және дезинфекциялау үшін:
– 141 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 74 бірлік);
– 1190 жол жұмысшысы (оның ішінде 134 дезинфектор) тартылды.
560 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 25 954 мың литр ерітінді қолданылды).
Сонымен қатар, 215 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.
Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1250 тоннаны құрады.
3 маусым күнгі жоспарлы жұмыстар:
– 139 бірлік арнайы техника (оның ішінде 71 бірлік дезинфекцияға);
– 1211 жол жұмысшысы (оның ішінде 133 дезинфектор) тартылды.
Контейнер алаңдарын өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.