Жазылып шыққандардың саны 5 256 жетті
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 558 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 355 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 24 101, 271 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 256 жетті.