Үндістанда 100 миллионан аса адам КВИ вакцинаның екінші дозасын алмаған

29.10.2021 16:36

Келесі айдан бастап медицина қызметкерлері екпенің екінші дозасын алғысы келмейтіндерді табу үшін тексеру жұмыстарын бастайды

Фото: ашық дереккөзден

Үндістанда 103,4 миллионнан аса адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның екінші дозасын алуға келмеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Елдің денсаулық сақтау министрі Мансух Мандавия көпшілік екпеден бас тартқан штаттар билігін мәселені шешуге шақырды. Оның айтуынша, келесі айдан бастап медицина қызметкерлері екпенің екінші дозасын алғысы келмейтіндерді табу үшін тексеру жұмыстарын бастайды.

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар екпе салу науқаны халықтың COVID-19-ды денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді деп қабылдамауынан баяулауы мүмкін деген алаңдаушылық білдірді.

«Туберкулезбен ауыратын науқастардың осындай алаңсыз екенін көрдік. Олар дәрі-дәрмектерді қабылдап бастайды, бірнеше аптадан кейін жақсарған кезде тоқтатып тастайды, ал негізі пациенттер дәріні алты ай ішінде қабылдауы керек. Екпе салдыртуға қатысты да дәл сондай. Ешкім ауырмағасын, олар бір доза да жеткілікті деп ойлайды»,- деді Найнитал қаласының медицина қызметкері.

Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Уттар-Прадеште бірінші дозаны 97 миллион адам алды, ал екінші дозаны тек 31 миллион адам алды. Махараштрада 66 миллион бірінші дозаны алса, 30 миллионы екінші дозаны алды. Бенгалияда 53 миллионнан аса адам бірінші дозаны алды, ал 20 миллион адам екінші дозаны алды.