Коронавирус 140-тан аса елде тіркелген
Коронавирус індетінен Еуропа елдерінде өлім-жітім деңгейі артуы мүмкін. Өйткені мұндағы мемлекеттерде эпидемия әлі бастапқы кезеңді өткеруде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жақын уақытқа жасаған болжамы. Мұндай мәлімдемені ұйымның ресми өкілі Тарик Язаревич жасады. Оның айтуынша, індет Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда Италияда жағдай ауыр. Еуропаның енді ғана таралып бастаған басқа елдерінде алдағы күндері немесе таяуда өлім жағдайы тіркелуі мүмкін. Дертке шалдыққандар санының 1 адамнан 100 адамға дейін күрт өсуі жағдайды бақылауда ұстауға кедергі келтірді. Тіпті Италияның солтүстігінде тіркелген жайттардың нақты эпидемиологиялық байланысы табылмай отыр. Ал мерт болғандар ауруды 2-3 апта бұрын жұқтырғандар. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бір тәулікте тағы 11 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды. Еске салайық, Дүниежізілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған қауіпті індетті пандемия деп атаған болатын. Коронавирус 140-тан аса елде тіркелген.