Алматы әкімі қоғамдық көліктерде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Егер азаматтар барлық жерде бетперде тақса, онда ешқандай бақылау да болмайтын еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан онлайн-брифингте  Алматы әкімі Б.Сағынтаев қоғамдық көлікте санитарлық-карантиндік шараларды сақтау бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Өкінішке қарай, тұрғындардың бәрі бетперде тақпайды. Онымен қоймай, біздің бақылаушыларымызбен ұрысады. Бұл жұмыстың мақсаты - азаматтарға  айыппұл салу емес, бетперде таққызу. Камералар бойынша диспетчерлік қызмет маска режимін бұзушыларды көріп, көлік жүргізушісіне ақпарат жібереді. Мұндай шаралар коронавирустың алдын алуда тиімді әдіс екені даусыз. Біз көрінбейтін жаумен күресіп жатырмыз. Егер азаматтар барлық жерде бетперде тақса, онда ешқандай бақылау да болмайтын еді», - деді қала әкімі.


Новости партнеров