«Жасыл» аймақта 12 өңір тұр
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 13 маусымдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Сары» аймақта Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.