Қаланың емханалары мен ауруханаларында жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үшін көлік қарастырылған
Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларында короновирус инфекциясын жұқтырған немесе олармен тікелей байланыста болғандармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға жағдай жасау мақсатында қонақүйлер бөлінді, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Қалалық штаб тамақтандыру мәселесін шешсе, City Transportation Systems (CTS) компаниясы көлік бөлді.
"Қаланың емханалары мен ауруханаларында жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үшін де көлік қарастырылған. Бұл қызметтердің барлығы тегін", - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық салада жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін жаңа қаржылық қолдау пакеті бекітілетінін хабарлады.
№2 қалалық емхана тәулік бойы жұмыс істейді. №2 қалалық емхана базасында (Желтоқсан көшесі, 36) жедел респираторлы вирустық инфекциясы белгілері бар пациенттерді қабылдау үшін обсервациялық емхана ұйымдастырылды.
ЖРВИ белгілері бар науқастарды тек №2 қалалық емхана қабылдайды. Емханада емделушілерге коронавирус инфекциясына зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.
Франция ханшайымы коронавирустан көз жұмды