Коронавирус індетінен кейін Жапонияда алғаш рет халықаралық турнир өтеді
baq.kz
Турнир 8 қарашада басталады деп жоспарлануда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жапония астанасы Токиода спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтеді. Бұл коронавирус індеті басталғалы бері күншығыс елінде өтетін алғашқы турнир болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Спорттық гимнастикадан халықаралық сында АҚШ, Жапония, Қытай және Ресейден жалпы есебі 32 атлет бақ сынайды.
Турнир 8 қарашада басталады деп жоспарлануда.
Жарысқа қатысушылар екі апта бойы өз елдерінде оқшауланып, арнайы тест тапсырып, турнир басталуына бес күн қалғанда Жапонияға келеді. Осылайша, спортшылар Жапонияға шетелден келушілерге арналған 14 күндік карантиннен босатылады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47