Қазақстан Республикасы «қызыл аймақта» орналасқан
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі 25 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары тұр.
«Сары аймақта» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары тұр.
«Жасыл аймақта» Түркістан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы ғана.