|
15.04.2021 | 11:41
3835

Алматыда дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы зақымданған 72 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды

16 күн бойы науқас КВИ-дан ауруханада емделді және операциядан кейін төсек режимінде болды

Алматыда дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы зақымданған 72 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды crimea-news.com

Алматыда дәрігерлер КВИ-мен сырқаттанған және өкпесінің 90 пайызы зақымданған 72 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға КВИ диагнозы расталған 1949 жылы туған пациент ауыр жағдайда жеткізілді. КТ тексеру кезінде науқастың өкпесінің 90%-на зақым келгені анықталды.

Стационарда 6 күн болғаннан кейін науқастың оң аяғында ауырсыну пайда болған.

Дәрігерлер шұғыл түрде  аяқтың  төменгі жағына ультрадыбыстық зерттеуін жүргізді. Нәтижесінде оң жақ аяқтың тері астындағы тамырлардың жедел өсіп келе жатқан варикозды-тромброфлебиті деген диагноз қойылды. Науқасқа шұғыл түрде хирургиялық көмек көрсету қажет болды. Сол күні дәрігерлер Кроссэктомия отасын жасады.

«Кроссэктомия – бұл аяқтың тамырларына жасалатын хирургиялық операция. Операция кезінде тері астындағы үлкен тамыр мен оның санның көктамырына құятын орны анықталды (бөлінді). Санның көктамырынан 0,5-1,5 см аралықта тері астындағы тамырды, сондай-ақ оның барлық салалары байланды. Барлық манипуляциялар өте мұқият жүзеге асырылады, өйткені жамбас артериясы жақын орналасқан. Оның үстіне, ұйыған қанның тері астындағы тамырдан жамбасқа қарай ауысу қаупі бар. Операция шамамен 1,5 сағатқа созылды. Ота сәтті өтті», – дейді ОҚКА хирургі Нұрлыбек Амангелдин.

16 күн бойы науқас КВИ-дан ауруханада емделді және операциядан кейін төсек режимінде болды. Дәрігерлердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында ғана бүгінде ол амбулаториялық бақылаудан кейін жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир