Испанияда коронавирустан көз жұмғандар саны 20 адамнан асып кетті. Тек соңғы бір тәулікте елде 550 пациент қайтыс болды. Індеттің қазірше беті қайтатын түрі көрінбейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі euronews.com сайтына сілтеме жасап.
Испанияда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы қаңтар айында тіркелген болатын. Алайда қауіпті вирустың таралуының алдын алу шаралары тек наурыз айының ортасында ғана қолға алына бастады. Бүгінде елде індет жұқтырғандар саны 200 мыңнан асып кетті.
«Ауруханаларда орын жетіспеушілігіне байланысты Испания билігі Мадридтегі IFEMA көрме орталығын арнайы коронавирусқа шалдыққан пациенттер жататын госпиталь етіп қайта жабдықтау туралы шешім қабылдады. Ол жақта дәрігерлер қазір күнді-түні демалмастан жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.