Коронавирус пневмониясынан бір тәулікте 6 науқас қайтыс болды

17.05.2021 в 16:41

2021 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 20 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 83 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 54152, 860 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52783 жетті.